Текст
Білім беру жүйесіндегі кәсіби қызмет және әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелеріне арналған аудандық семинар-кеңес. Оған облыстық кәсіподақ төрағасы Бейсенбай Әбдірахманов, Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай және аудан прокуроры Алмас Жақсыбеков қатысты. Іс-шара барысында білім беру қызметкерлері кәсіподақтары Кеңесінің төрағасы М.Ақбаева кеңестің 2024 жылғы жұмысы туралы есеп беріп, жетістіктері мен болашаққа арналған міндеттерін атап өтті. Білім беру мекемелеріндегі еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Закатянская Елена Теңізқызын "әлеуметтік әртүрлілікті дамытуға қосқан үлесі үшін"лайықты марапатымен құттықтаймыз