«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына»  
Государственное коммунальное казённое предприятие "Детская музыкальная школа села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"  

Әлеуметтік желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балалардың музыкаға деген ынтасы өсіп келеді.»

14.12.2017

«Балалардың музыкаға деген

ынтасы өсіп келеді.»

Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі.

Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы.

 

      Мектеп оқушыларының бойларындағы дарындылықтарын ұштау , бос уақытын тиімді пайдалану , шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында бірнеше өнер мектебінің үйірмелері жұмыс жасап

келеді. Жыл сайын үйірмелерге оқушылар үлкен қызығушылықпен белсене қатысады.

Соның бірі тамыз айында Сандықтау ауданы Қызыл-Қазақстан ауылында домбыра және сырнай аспаптары бойынша  балаларға арналған музыкалық үйірме ашылды.Толық айта кетсек бұл үйірме, қосымша музыкалық білім беретін балаларға арналған білім беру мекемесі. Оқушылар музыкалық аспаптарда

ойнаудан, вокалды ән айтудан, негізгі музыка-тероиялық пәндерден дәріс алады.

Мектеп, музыкалық білім алудың бірінші сатысы, оны бітірген түлек мемлекеттік

үлгідегі куәлік алады,ал кәсіби дарынды балалар арнайы орта білім беретін музыкалық

мекемелерге оқуға түсе алады . Қазір ауылда 12 оқушы білім алуда оның 9 оқушысы

домбыра аспабынан 3 оқушы сырнай аспабына қатысады.

Негізгі жұмыс бағыты – алғашқы музыкалық білім беру, 5 жылдық музыкалық білім беру

бағдарламасынан тұрады. Мақсаты оқушылардың шығармашылық дарынын көп сатылы

жіктеуін жасай отырып, оқытушылары мамандықтар бойынша репертуарларына бағдарламалық

шығармаларды қосып қана қоймай, оқушылардың музыкалық сабақтарға қызығушылығын

арттырып, жан жақты музыкалық дамуына жағдай жасап, балалардың бос уақытын ұйымдастыру.

 

Қазақ ұлттық аспаптар оқытушылары:

Жузжасарова М.М., Жузжасаров С.М.

 

Просмотров: 300


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст