Балқашын музыка мектебі,домбыра сыныбының оқушылары биылғы оқу жылын жақсы жетістіктермен аяқтап жазғы дем алысқа шықты. Домбыра сыныбындағы он
оқушының біреуі музыка мектебін өте жақсы бағамен бітіріп отырған түлегіміз .Мектебімізде осы он оқушыдан құралған шағын домбырашылар ансамблі бар.Келесі оқу жылын жақсы жетістіктермен толықтыру мақсатында дайындықты тамыз айынан бастауды көздеп отырмыз. Оқушылар жұмасына бір күн ансамбль сабағына жиналып отырады.Бұл күндері біз жазғы тапсырмаларды және ансамбльдің келесі оқу жылына арналған оқу бағдарламаларын қараймыз.
Ансамбльдің бағдарламасына бірнеше кішігірім пьесалар,екі дауыста әндер, екі дауыста ойналатын ансамбльге арналып жазылған күйлер және биылғы жылға солисті сүйемелдеуді кіргізіп отырмыз. Бұл ансамбльге арналып алынған шығармалар оқушылардың көңілінен
шығады деп ойлаймын.