Отбасы күні
Отбасы күні - бұл күні еліміздің әр аймағында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып,
жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі.
Бүгін Қызыл-Қазақстан ауылында Отбасы күніне арналған музыкалық үйірменің мұғалімдері іс-шара өткізді ,
яғни біз бір ұйыған отбасына барып. Балалардың өнерлерін көріп және мерекелерімен құттықтадық .
Бұл отбасыға келетін болсақ үйдің тірегі әкесі Магжанов Елюбай Ашкенұлы
жұбайы Магжанова Бибигүл Кенесқызы және үйдің кішкентайлары Нургул Назерке кыздарымен кенжесі Нұрсаят.
Қазақ қоғамында отбасы - өмірдің тұтқасы, оттың маңайына таратқан жан балқытар жылуы.
Қазақтың ошағы дөңгелек үйдің ішінде болады да, бүкіл жайдарлық жағылған отқа үйіріледі.
Отбасының амандығы, ошақтағы оттың маздап тұруы – үмітінің өшпес алауы.
Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы да соған байланысты.
Бұл отбасы қуанышқа , шатыққа толы.
Балалар бізге өлең шумақтарын оқып , ән айтты біз кішігірім сыйлық сыйлап отбасына амандық тілеп қайттық.