2019 жылғы 19 тамызда Көкшетау қаласында Ақмола облысының мұғалімдері мен қосымша білім беру директорлары «Балаларды тәрбиелеумен қатар, мемлекеттік білім беру саясатының жаңа міндеттері мен векторлары» тақырыбында конференция өткізді. Конференцияның басында директорлар мен мұғалімдер слайдтарын ұсынды, балалармен жұмыс жасаудың әртүрлі бағыттарын көрсетті. Конференцияның мақсаты - қосымша білім беруде STEAM технологияларын енгізу, яғни бизнес-инкубаторларды дамыту, оқытушылар мен оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және сол тақырыпта қатысушылар слайдтар мен материалдар көрсетті. Одан кейін вокал және ақпараттық технологиялар бойынша шеберлік сабағы өтті. Барлық әріптестер өздерінің мектептері мен жетістіктері туралы айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Осымен конференциямыз аяқталды.