«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына»  
Государственное коммунальное казённое предприятие "Детская музыкальная школа села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"  

Әлеуметтік желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық мұғалімдер конференциясы

24.08.2022

2022 жылғы 16 тамызда Көкшетау қаласы Болашақ Сарайы базасында "Қазақстанның ұлттық басымдығы: балалар мен білім беру" білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының секциялық жұмысы шеңберінде Ақмола облысының қосымша білім беру педагогтерінің "Қосымша білім беру – балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту әлеуеті"секциялық кеңесі өтуде.
Негізгі мақсат - тиімді дамуға жағдай жасау үшін қосымша білім беру жүйесінде басым бағыттарды іске асыру.
Секция оффлайн / онлайн форматта ұйымдастырылған. Бірінші бөлім пленарлық отырыс, екінші бөлімде шығармашылық бағыттар бойынша шеберлік сағаттар. Оффлайн форматта Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдарының басшылары мен жетекші педагогтары қатысуда.
Онлайн формат аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлерін және балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталықтарының, Балалар музыка және көркемөнер мектептерінің, балалар аула клубтарының қосымша білім беру педагогтерін қамтуға мүмкіндік берді. Барлығы 150-ден астам педагог.
Қосымша білім беру педагогтерінің секциясында мектептен тыс ұйымдар педагогтерінің үздік тәжірибесі, балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша балаларды тәрбиелеудің, оқытудың және дамытудың инновациялық және дәстүрлі технологиялары мен әдістемелері ұсынылды.
Секция жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облысында балаларға қосымша білім беруді одан әрі дамытуға бағытталған ұсынымдар ұсынылды.

Просмотров: 139


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст