«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Балкашин ауылының балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына»  
Государственное коммунальное казённое предприятие "Детская музыкальная школа села Балкашино при отделе образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области"  

Әлеуметтік желілер

  

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәсіподақ қызметкерлерінің күні

14.10.2022

12 қазанда Балқаш орта мектебінде кәсіподақ қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік одағының қызметкерлерін Сандықтау ауданының әкімі Жүсіпбеков Ербол Кәрімұлы құттықтады. "Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Қайрмденов Жомарт Жамбылұлы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Балалар музыка мектебінің оқытушысы Куприянова Елена Дмитриевнаны білім беру жүйесіндегі адал еңбегі және кәсіби қызметтегі қол жеткізген нәтижелері үшін "Құрмет грамотасымен" және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сандықтау ауданы білім қызметкерлері кәсіподағы кеңесінің төрағасы Мақпал Мағзұмқызы Әубаева "Құрмет грамотасымен" және "Екі жұлдыз"-2022 аудандық байқауына қатысушыларды бағалы сыйлықтармен марапаттады. 1 орын үшін: Заидов Берік Сәкенұлы және Жүзжасаров Саят Маратұлы. Іс-шара Балалар музыка мектебінің оқушылары-домбырашылар триосы ( оқытушы Б. С. Заидовтың сыныбы) қатысқан мерекелік концертпен аяқталды, оқытушылардың домбыра дуэті С. М. Жүзжасаров пен Б. С. Заидов музыкалық құттықтау сөз сөйледі. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Бейбіт аспан, жақсылық пен амандық!

Просмотров: 127


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст