Академиялық концерт "музыкалық білім беру" мамандығы бойынша аралық және қорытынды аттестаттауды бақылау нысандарының бірі болып табылады академиялық концерттер оқу жылы ішінде семестрде бір рет (оқу бағдарламасы мен жұмыс жоспарына сәйкес ) өткізіледі және музыкалық бөлім оқытушыларының комиссиясының қатысуымен оқу бағдарламасын көпшілік алдында орындауды көздейді. Орындаушылық үшін баға комиссияның барлық мүшелерінің критерийлері мен пікірлерін ескере отырып, алқалы түрде қойылады, олар орындаушылық өнерді жетілдіру бойынша талдау жасайды және ұсыныстар береді. Орындау сапасы 80% , орташа балл 4,0 құрады. Оқушылары жоғары нәтиже көрсеткен барлық оқытушылардың жақсы педагогикалық жұмысы атап өтілді.. Өткізілген іс-шара туралы ғана емес, одан әрі жұмыс жоспарлары туралы да пікір алмасты.