Наурыз айының мерекелері
Наурыз айы өз мерекелерімен танымал , айтатын болсақ ең алғашқысы 1 наурыз – Алғыс айту күні. Бұл мейрам 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады. Қысқаша шолу жасасақ Алғыс
айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн. Мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі.
Тағы да наурыз айының бір керемет мерекесі нәзік жандыларға арналған 8-наурыз халықаралық әйелдер күні. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін әйел адам. Осындай наурыздың мерекелеріне орай әрине бізде дайындық жасап көптеген жұмыс жасадық. Сандықтау ауданы Балкашино «Балалар музыкалық мектебі»концерттік бағдарламалар жасады. Айта кетсек оқушылар эстрадалық ән айтып, аспаптарда (домбыра,сырнай,фортепиано,аккардеон) ансамбльде музыкалық шығармалар ойнады. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек.