Ежелгі жыл санағы бойынша, 22 наурыз күн мен түн теңесу күні. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы.
Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз», «Әз болмай, мәз болмас» деп қарсы алған. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды
қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
Осыған орай Сандыктау ауданы Балкашино балалар музыкалық мектебі және Қызыл-Қазақстан , Приозерное музыкалық үйірмелері мерекеге арналған концерттік бағдарламаларға қатысты. Яғни , 22 күні қойылған концертте фольклорлық ансамбль Біржан салдың «Көкек» , Шәмші Қалдаяқовтың «Мойынқұмда» әндерін орындап , Қарасайдың күйі «Қарасайды»нақышына келтіріп орындады.Ансамбль мүшелеріне домбыра ,
ансамбль , музыка сабақтарынан беретін оқытушылар Маканов Сабыр Бүркітбайұлы ,
Анапин Бекежан Қайырбайұлы , Жүзжасаров Саят Маратұлы көп үлестерін қосты.
Осылайша наурыз мейрамы өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Жаңа 2018 жыл әр отбасыға береке , бірлік , шаттық сыйласын! Келген ит жылы ырыс , молшылық әкелсін!